Надежда Қарашева: «атам Ғұмар қазақ елінің мақтанышы болса, барша ұрпақтарына абырой»

 – Жанұяңыз туралы айтсаңыз?

 – Күйеуім дипломатиялық қызметте болды. Қазір дүниеде жоқ. Үлкен қызым Лоланың жасы – елу жетіде. Ол да мен оқыған М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмәмдады. Менің жолымды қусын деп тіл саласы мамандығына бағыттадым. Оқуын өте жақсы аяқтап, қытай тілін жетік меңгерді. Кейін бір жылдай Сингапурда қытай тілінде оқыды. Қазір ол да филология ғылымдарының кандидаты. Мәскеудегі іргелі ЖОО-да шығыс кафедрасының меңгерушісі. Шығыс кафедрасы дегеннің мағынасы өте кең ғой. Онда– жапон, түрік, корей, қытай, въетнам секілді көптеген тілдер бар. Жұмысы өте ауыр, тіпті, аяймын оны. Ал, кіші қызым – Карина. Өте сұлу болатын. Жапонияда оқыды, жапон тілін аса жетік білетін. Қан ауруынан қайтыс болғанына жеті жыл болды. Ол жапонның ірі телекомпаниясында қызмет істеді.

Лоланың қызының есімі – Дана. Дана да тіл маманы, бірақ «мен үстелде отырып қызмет еткім келмейді» деп, диссертация қорғаудан бас тартты. Қазір «Афиша» деген баспасөзде жұмыс істеп жүр.