Республикалық байқауын жариялаймыз

telwoҒ.Қараш атындағы «Тілші болғың келсе...» республикалық байқауының ережесі

«Жайық Пресс» ЖШС ұйымдастырып отырған республикалық байқауға 18-40 жас аралығындағы түрлі оқу орындарында білім алып, әр салада еңбек етіп жүрген қаламының ебі бар үміткерлер қатыса алады. Қазақ және орыс тілінде түрлі жанрдағы материалдар қабылданады.
Шара мақсаты – БАҚ саласында жұмыс жасауға ынталы, мақала жазуға қабілеті бар таланттарды анықтап, журналистика саласына бағыттап, тәрбиелеу. Олардың облыстық, аудандық газеттердің редакцияларында шығармашылығын шыңдап, қызмет атқаруына мүмкіндік туғызу. Алдағы уақытта республикалық БАҚ-тарда да қызмет атқаруына алғышарт жасау.
Байқау материалдары Елбасы Жолдауына, мемлекеттік бағдарламаларға байланысты елімізде, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан істерді жан-жақты көрсетуі керек. Сонымен қатар Ғұмар Қараштың өмірі мен өлеңі, жалпы қайраткерлігі жөнінде көсемсөз бағытындағы бір материал болуы тиіс. Сондай-ақ ел мен өлке тарихы, ұлы тұлғалар хақында танымдық мақалалар, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, жас ұрпақты отаншылдыққа, елдік рухта тәрбиелейтін материалдарды жолдауға болады. 
Қатысушылар Ғұмар Қараш туралы бір мақала және басқа тақырыптарға екіншісін тапсыруы керек. 
Байқауға қатысушылар өз аты-жөні, қызмет немесе оқу орны, байланыс телефондары жөніндегі мәліметтерді қоса жіберуі тиіс. 
Материалдың көлемі 14 шрифтісімен Times New Roman қарпімен теріліп, A4 форматындағы 2 беттен кем болмауы тиіс және қатысушы бұрын еш жерде жарық көрмеген туындыларын ғана ұсына алады. Материалдар 1 сәуірден бастап 1 қарашаға дейін қабылданады.

Бас жүлде – 100 мың теңге. Сондай-ақ материалдардың сапа-мазмұнына қарай қазылар алқасының шешімімен басқа да жүлделер, ынталандыру сыйлықтары табыс етіледі.

Байқау ережесін zhaikpress.kz сайтынан да оқуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін «Жайық Пресс» ЖШС-на (Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1) келіп жолығуға немесе 8/7112/ 51-25-80 және 54-31-91 телефондарына хабарласуға болады. Материалдарды осы мекенжайға тапсыруға және «Орал өңірі» ( Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ) мен «Приуралье» ( Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ) газеттерінің электронды пошталарына жолдауға болады.