11.12.2013 ж. сағат 15:00 Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан» кітабының таныстырылымы болады
Бұл кітап – қазақтың тұңғыш мерзімді басылымдарының бірі, 1911-1913 жылдары жарық көрген «Қазақстан» газеті туралы.
1913 жылы патша үкіметінің қысымымен жабылған қазақ газеті Совет өкіметі жылдары екінші мәрте репрессияға ұшырады. Газет тігіндісі Санкт Петербург пен Мәскеу қалаларында ғана сақталды. Газетті шығарушы Ғұмар Қараш 1921 жылы қастандықпен өлтірілсе, редакторы Елеусін Бұйрин қудаланып, 1932 жылы Тәжікстанда аштықтан қаза тапты. Ал өз заманында прогрессивтік идеялардың жаршысы болған «Қазақстан» газеті туралы айтуға, жазуға рұқсат болмады. 1947 жылы арнайы қаулы шығып, ақын-ағартушы Ғұмар Қараштың шығармаларын оқуға, насихаттауға тиым салынды.
Бір ғасыр өткен соң
«Қазақстан» газеті ел-жұртымен қайта қауышты
Оқырман қауым бұдан 102 жыл бұрын қазақ даласында «Қазақстан» атты газет шығып тұрғанынан хабардар болса керек. Әрине, бүгінде Қазақстан атты мемлекеттің атауы төрткүл дүниеге танымал болғанымен, осыдан 100 жылдан астам уақыт бедерінде қазақты өзге жұрт танымақ түгілі, тұтас бір халық тіпті өзінің о бастағы төл атауына зар болып қалғаны тарихи шындық. Бұған сол кездегі барша құжаттар мен жазбаларда қазақ атауы «киргиз», «киргиз-кайсак» деп бұрмаланғаны айқын дәлел. Осындай кезеңде қазақ жерінде «Қазақстан» яғни Қазақ елі деген түсінік беретін газеттің тұсауы кесіліп, оның күллі жер жаһанға таратылғаны шын мәнінде оны шығарушылардың ерлігі, өз ұлтын сүйе білудің таптырмас өнегесі деуге болады. Ал дәл осы атаумен бүгінгі күні мемлекеттің аталуы бері салып айтқанда – көрегендік.
Бәдел хажы кітабы туралы
Бәдел хажы шығарушы ішкі ордалық Ғұмар Қарашұлы, таратушы Сұлтан Шаңгерей Бөкеев «Үміт» матбағасында басылған. Біздің қазақ арасында Бәдел хажы жіберу өте көбейіп кеткен, бір заманда мұның шариғат бойынша дұрыс еместігі, құрбан айты, пайғамбар хадисіменен ашық: қазақ тілінде түсіндіріліп жазылған кітап көптен керек еді.