Надежда Қарашева: «атам Ғұмар қазақ елінің мақтанышы болса, барша ұрпақтарына абырой»

 – Мәскеуге не себепті қоныс аудардыңыз? Атаңыздың мұрасын зерттеуге бет бұрдыңыз ба?

 – 1962 жылдан бастап күйеуімнің жұмысына байланысты Мәскеуге көштік. Содан бері алпыс жылдай осы Мәскеуде тұрамын. Әкем Бұрхан жастайымыздан атамыз туралы көп айтқыза бермейтін. Оның шығармаларын мектеп оқулықтарынан алып тастағанда «кім алдырса да, уақыты келгенде өздері қалпына келтіреді. Бірақ сендер араласпаңдар» деуші еді. Сондықтан жасымда атамның мұрасымен көп таныс болмадым. Есейген соң да мән бермеппін. Әрине, өкінемін. Егер сол кезде ақылдырақ болсам, жастау кезімде атамды көзі көрген жасы үлкен ағайындар, туысқандар, жерлестерден едәуір мәлімет жинауға болар еді. Бірақ амал қанша, өмір өтті. Сондықтан қазір өте керекті мәселерді шеше алмай отырмын өзім де.