Надежда Қарашева: «атам Ғұмар қазақ елінің мақтанышы болса, барша ұрпақтарына абырой»

 – Өзіңіз тікелей ұрпағы ретінде атаңыздың еңбегін қандай деңгейде бағалайсыз?

 – Ғалым Есмағамбет Ысмайылов: «Ғұмар – Абайдан кейінгі дәуірде, 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде іргелі орын алатын ірі классик ақын, қазақтың жазба, көркем әдебиетін дамытуда, әдебиет тілін қалыптастыруда Ғұмардың тарихи еңбегі ерекше. Ғұмар – үлкен суретші, шебер, көркем сөздің ұстасы» деп бағалаған. Осы әділ баға деп есептеймін және қуаттаймын.

Атамның мұрасын зерттеушілерге алғысымды білдіремін. Атамыз тұтас қазақ елінің мақтанышы болса, ол - барша ұрпақтарына абырой. Өзім іштей «атамды іздесе, туған жерінен іздер» деп үміттенетін едім. Міне, өздерің мені тауып, хабарласып, енді аяқтай келіп отырсыздар. Көп рахмет!

 – Мазмұнды әңгімеңіз үшін сізге де көп-көп рахмет! Аман болыңыз, Надежда апа!

Сұхбаттасқан Жантас САФУЛЛИН,

Мәскеу қаласы