Надежда Қарашева: «атам Ғұмар қазақ елінің мақтанышы болса, барша ұрпақтарына абырой»

 – Ғұмар Қараштың 1910-1912 жылдары шығарған «Шайыр» және «Көксілдер» қазақтың батырлар жыры жинақтары немесе басқа да шығармалары мен қолжазбалары сізде сақталмады ма?

 – Басыр ағамның айтуынша, бандылар атамызды өлтіргеннен кейін оның тұрған үйін өртеп, тіптен жоқ қылыпты. Соның ішінде мүмкін кейбір қолжазбалары да өртеніп кеткен болар. Көрші-көлемдер «далаға қалмасын» деп, мүмкіндігінше кей қағаздарды жинап алыпты. Мүмкін солар бір жерден шығар. Басыр ағам «Әкемнің өлеңдері әрі қарапайым, әрі бәріне түсінікті, сондықтан да қарапайым халық жаңа өлең шығысымен ән ретінде айтып жүретін» дейтін. Адамдардың жадында қалып, кейбір өлеңдері бүгінге дейін келуі ықтимал. Бұның бәрін болашақ зерттеушілер анықтар.