Надежда Қарашева: «атам Ғұмар қазақ елінің мақтанышы болса, барша ұрпақтарына абырой»

1947 жылы Қазақстан Коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің» «Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институты жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы» қаулысымен Ғұмар Ғараш «революцияға дұшпан буржуазиялық-ұлтшылдық Алашорда партиясы қайраткерлерінің бірі» деп көрсетіліп, мектеп оқулықтарынан алынып, болашақта зерттеуге, насихаттауға тыйым салынды.

 Біздің бүгінгі сұхбаттасымыз Қарашева Надежда Бұрханқызы - Ғұмар Қараштың туған немересімен болды. Ол 1930 жылы Орал қаласында дүниеге келген. 1948 жылы Алматыда орыс орта мектебін алтын медальмен, 1953 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің шығыс бөлімін қызыл дипломмен тәмәмдаған. 1953-1962 жылдар аралығында Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтында қызмет еткен және осында «20 ғасырдың басындағы қазақ көркемсөзіндегі грамматикалық тіл ерекшеліктері («Айқап» журналындағы материалдар бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1963 жылдан бүгінге дейін Мәскеу қаласында тұрады. Қазір Ресей Білім Академиясының филологиялық орталығында ғылыми хатшы болып қызмет істейді. Тіл мәселелері, тілді оқыту әдістемелері тақырыптарында жарияланған 120-дан аса еңбектің авторы. Екі қызы, бір жиені бар.