Қиын да сұлу тағдыр

Мақаланың қандай ілімге негізделгенін түсіндіріп жатудың керегі болмас, өйткені мұны аты-ақ аңғартып тұр. Ал жәдид философиясының іргетасы – идеализм, метафизика, мәңгілік жан, таза идея болғаны мәлім. Олай болса, Қарашевты дін жолын уағыздаушы ақын деуге ешбір негіз жоқ.

Мұны Қарашев творчествосын сынаушылар да мойындаған болады.

«1905 жылы Омардың пікіріне үлкен өзгеріс туады, - деп жазды С.Мұқанов жоғарыда аталған кітабында. – Бұл өзгеріске себеп, 1905 жылы болатын төңкеріс. Бұл төңкерістен Омар хабардар болды. Өйткені ишан болғанымен Омар құлшылықтан басқаны білмейтін ишан болмайды. Ол арабтың, түріктің газет-журналдарын оқумен қатар, татар тілінде шығатын «Уақыт», «Тәжіман» сықылды газеттерді оқиды, 1905 жылдың ұрандарына ол осы газеттер арқылы түсінеді...» (ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті», А., 1932, 65-б).