Қиын да сұлу тағдыр

Осы және оның өлең жинақтарындағы ісләм шариғаттарына қарсы өршіл рух «Қарашев дін жолындағы кітаби ақын» деген уәжді жоққа шығарады. Екіншіден, ол ақын ретінде, публицист-философ ретінде ақыл тоқтатып, шыңдала келе жәдитшілдік канондарының өзін қайта қараған. Олай деуге себеп – 1912 жылы Оралда шығып тұрған «Қазақстан» газетінде «Тәнсіз жан жоқ» деген философиялық мақала жариялайды.

«...Ғажап, бала ананың құрсағында әуелі қан болады. Анадан соң тән болады. Анадан соң барып жан болады... Қан мен тән жанның болушылығына себептар болып тұр. Адам баласына жаннан тәтті не зат бар? Осы тәтті жанымыздың, яғни ғұмырымыздың болушылығына себеп болып тұрған қан-тәнімізді біз қайдан алдық? Әлбетте халықтан (милләттан), Отан берді».