Қиын да сұлу тағдыр

Ғұмар Қарашев, міне, сахара төсінде осы оқиғалар қайшы алыса қабындап, қазақ баласын жаппай молдаға беріп, медресе ашып жатқан шақта, 1876 жыылы Ішкі Бөкейлік жеріне қарасты Құрқұдық дген жерде (қазіргі Орал облысы Қазталов ауданының территориясы) дүниеге келді. Ғұмардың ағайыны, көп жыл жанында жүрген Ысқан Жанарыстановтың айтуынша, болашақ ақын жеті жасында әкеден жетім қалады. Әуелі ауыл молдасынан хат таныған Ғұмар Жазықовтың қолында, сәл кейінірек Ысмвғұл Қашғари мектебнде жалғастырды. Кейін Жалпақтал (қазіргі Фурманов) қаласында мешіт, медресе ұстаған Ғұбайдолла Ғалікеев хазіретке шәкірт болады. Осы ұстазының қолынан ишарат (куәлік) алған ол өз ауылында біраз уақыт бала оқытып жүреді де шамамен 1902 жылдары Тленшісай деген жерде жәдитше бала оқытуды ұйымдастырады. Осы медреседе діни жолмен «иманшарт», «әптиек», «құран» оқытуды тоқтатқан.