Қиын да сұлу тағдыр

Бірқатар зерттеушілер, мысалы Қ.Бейсембиев «Идейно-политические течения в Казахстане конца XIX – начала XX века» атты монографиясында қазақ даласындағы бұл утопиялық қозғалыстың мәнін біршама кең көлемде қарастырып, ол «патша үкіметінің мешеу шет аймақтағы отаршылдық саясатына қарсы сахара халқының тарапынан болған кері реакция» деген тұжырым жасайды. Шынында да, 1868 жылғы 21 октябрьдегі қазақ даласы үшін жасалған Уақытша ереже ең алдымен әскери адамдардың білек күшіне сүйеніп жүргізілді. Уақытша ереже қазақтарды мұсылмандықтан қол үздіріп, православие дініне кіргізетін миссионерлік қозғалысты жандандырды. Тағдыр-талайын төрт тұяққа байланыстырып, мал тісіне еріп, наным-сенімнің қандайына болса да жан-тәнімен құлай беріліп көрмеген сахара халқы бұрын-соңды Россияға қосылу дәуірінің дәл осы кезеңіндегідей дін жолын берік ұстаған емес-ті. Өзінің ассимиляторлық орыстандыру саясатына еліккен патша үкіметі халытың қысылғанда қандасына тартып, тілі мн діні ұқұсас ағайындынын іздейтін жан дауысынан барып кейін панисламшылдық пен пантүркшілдік деген атау алған утопиялық қозғалыс туғанын сезбей же қалды.