Қиын да сұлу тағдыр

1920 жылы 21 июньде II Бөкей губерниялық партия конференциясында губком пленумының мүшесі болып сайланған Ғұмар сол жылы І пленумда губерниялық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітілген. Осы қызметте жүріп 1921 жылдың көктемінің көксалпағында өзі туып-өскен Тіленшісай жаққа барып, елді артельге ұйымдастырып, қайтып келе жатқанда қашып жүрген ақ бандылар қолынан қаза табады. Ел ауызындағы әңгімеге қарағанда, ақын өлер алдында бір ауыз өлең қалдыруға мәулет сұрапты дейді:

 

Елсізде жатқан жым-жырт иесіз ғана,

Қызғалдақ айналасы қызыл ала.

Сыр айтар, сыбырласар сырласы жоқ,

Жапанда жатқан жалғыз тек бір мола.

Алаштың түзде жатқан бір баласы,

Бойында жаудан алған бар жарасы

Ақырғы демалыста жатып өзі.

Түсірген ақ қағазға айтқан сөзі...