Қиын да сұлу тағдыр

1919 жылдың январында екінші мұғалімдер съезінде «Мұғалім» атты ғылыми-пәни-тағылыми-саяси журнал шығарылсын деп қаулы алынып, редакциялық коллегиясын басқаруға Ғ. Қарашев бекітіледі. Коллегия мүшелері болып Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Мұстафа Көкебаев, Ғали Бегалиев, Халел Есенбаев, Ғабдол Бөкейханов, Ғұбайдолла Мұқашев, Нұғыман Манаев сайланады. Журналдық оннан аса кітабы жарық көрген. Әзірге табылғаны екінші және жетінші сандары. Осы номерде Ғұмардың баяғы Уфада жазылып, басуға үлгере алмай кеткен «Педагогика» деген көлемді ғылыми еңбегі жарияланған. Бұл – педагогика қағидаларын алғаш ана тілімізде сөйлеткен жұмыс. Бұдан басқа ол «Дұрыстық жолы» газетінде «Құрдастың жолы», «Екеуі екі басқа», «Қазақ, федерация» атты публицистикалық мақалаларын жариялады. Алмастай өткір өлеңімен жігер жанады:

...Тұр, қазақ! Киін шапшаң, беліңді бу,

Керілмей, аш ұйқыңды бетіңді жу.

Жарқылдат қылыш, мылтық қаруыңды,

Желкілдет, көтер қолға, ал қызыл ту?

Тамшыдай таза қаның қалған болса,

Жауынгер Ленин бабаң ақ жолын қу!