Қиын да сұлу тағдыр

1919 жылдан партия мүшесі Хамит Чурин былай деп жазады: «После установления Советской власти в Букеевский области, нечиная с 1918 года он стал на платформу Советской власти, являлся преподавателем Букеевского педагогического техникума, организованного в. г. Урде... Он являлся человеком высокоэрудированным, начитанным».

1918 жылы 24 сентябрьде Бөкей губериялық I мұғалімдер съезі ашылған-ды. Съезде халық ағарту мәселе бойынша Мұхамедьяр Тунгачин баяндама жасады. Ғабдолғазиз Мұсағалиев председательдік етеді. Съезд бірауыздан Ғ.Қарашевты оқу ісін ұйымдасытру және оған қаржы сметасын жасау комиссиясының председателі етіп сайлайды. Қарашев 1918 жылы апрельде өткен Бөкей облыстық I Советтер съезінің, сол жылғы сентябрьдегі екінші, 1919 жылғы майдағы үшінші, 1920 жылғы майдағы төртінші съездің делегаты. Соңғы съезде ұлт мәселесі жөніндегі қызу айтыс туғанда, өткір де салауатты сөз сөйлеген шешен.