Қиын да сұлу тағдыр

Ал бұғаудан басқа жоғалтары жоқ пролетариат осындай сын сәтті бастан өткізіп жатқанда, революция машинасы интеллигенцияның бірқатар легін таптай өте шыққаны мәлім. Валерий Брюсовтың:

И вот свершилось. Рок принял грезы,

Вновь показал свою превратность:

Из круга жизни, из мира прозы

Мы вброшены в невероятность! –

деп жазғаны 1919 жылдың март айы.

 

В.Брюсов, сондай-ақ қазірде ақталып, кітаптары шығып жатқан А.Белый, Ф. Сологуб, Вяч. Иванов, Ю. Балтрушайтис поэзиясынан біз революцияның декларациялық сипатын емес, поэтикалық көркем образдарға бөленген ішкі дәт-қуатын сезінсек, алдында тіреліп тұрған  мұндай бай әдеби мектебі жоқ қазақ ақындары үшін негізгі мақсат – халық мұраты, өздері көптен айтып келген арман-аңсардың тезірек шындық өмірге айналғанын көру болғаны заңды. Соның өзінде де бұл жолдардағы Ғұмар поэзиясы мен публицистикасы сапалық жаңа деңгейге көтерілген. Оған қоғамдық қызметінің әсері болды.