Қиын да сұлу тағдыр

Тоқырау деп аталатын өткен кезеңде тарих ғылымындағы қорқа соғу, шындықты бүркелемеу жиырмасыншы жылдардағы интеллегенция тағдырын зерттеуде әсіресе күшті сезіледі. Өйткені бұл буын арасында ревалюцияға бірден араласқан адам кемде-кем. Ғалымдардың кейінгі дәуірлеріне жүгінсек, ревалюцияның ұлы шеруі он жетінші жылдың октябрінен емес, 1919 жылдан басталады. Оған дейінгі кезең – үш бірдей үлкен күштің – большевик, меньшевик, эсер – яғни, пролетарист, буржуазиялық-демократиялық, ұсақ буржуазиялық партиялардың және олардың арасында толқып жүрген ұсақ топтардың күрес тарихы. Бұлардың үшеуі де ревалюцияны о баста төл ісіміз деп қабылдады. Айыбы – соңғы екеуі тарих тегершігін алға қарап емес, артына, өткен жолына бұрыла жалтақтай отырып дөңгелеткісі келеді. Ал жалтақтың шөнгеге де сүрініп, қадірсіз атанатыны мәлім. Сондықтан да саяси платформасы берік, айтар ойы айқын, бұқараның тәжірибесі мен энергиясына сүйенген болшевиктер партиясына алдаусыз ерді. Бірақ бұл революциялық мерзім тұрғысынан алғанда бірталай уақытқа созылған процесс.