Қиын да сұлу тағдыр

Дей тұрғанмен, аталған тізімнің бір бүйірі әлі де олқы. Бұған Ғұмар шығармаларын хронологиялық тәртіппен жүйелеп, көктей шолып шыққанда-ақ көз жетеді.

«Әділ мен Шандаз» (новелла, 1909), «Ойға келген пікірлерім» (философиялық трактат, 1910), «Тумыш» (өлеңдер жинағы, 1911), «Қарлығаш» (өлеңдер жинағы,1911), «Бала тұлпар» (1911), «Өрнек» (философиялық шығарма, 1911), «Бәдел қажы» (ісләмға қарсы ойлар, 1913), «Аға тұлпар» (өлеңдер жинағы, 1914), «Тұрымтай» (өлеңдер жинағы, 1918), «Педагогика» (1918). Мұның сыртында әлі зерттеу объектісіне айнала қоймаған журналистикадағы қызметі, «Қазақстан» (1911-1913), «Ұран» (1917), «Қазақ дұрыстығы» (1918), «Дұрыстық жолы» (1919) газеттері мен «Мұғалім» журналында (1919) жарық көрген 60-тан астам мақалалары және бар.