Қиын да сұлу тағдыр

Міне, осындай еркін ойы, 1912 жылы Лена оқиғасы сияқты саяси жағдайларға маркстік ілім тұрғысынан түсінік бергені үшін 1913 жылдың жазында вице-губернатор Вольферс ашылуына өзі қол қойған басылымды тоқтатуға әмір етеді...

Оқиғаларды, адам өмірін дәуірлеу диалектика заңына қайшы бола тұрса да, Октябрь социалисттік революциясы сияқты қуаты тарихи-әлеуметтік сілкініс тұсында өрбіген жайларға баға бергенде оны кезең-кезеңмен қарастыру ләзім. Бір ескертетін нәрсе, бұл кезеңнің бірқатары құшағына тұтас жылдары сыйдырса, бірқатары бір-екі ай мұғдарымен өлшенеді. Революция аласапыранының ішкі даму заңы, ол бірінен кейін бірі ұсынған өзгеріс–жаңалық тасқыны осындай болған.

Сонымен, Ғұмар Қарашевтың газет жабылған 1913 жылмен 1917 аралығындағы өмір туралы дерек аса көп емес. Бұрынғыдай топырлап көп кітабы да шыққан жоқ. Бұрын – 1914 жылы Орынборда шыққан «Аға тұлпар» өлеңдер жинағы. Кейбір деректерге қарағанда, 1919 жылы «Мұғалім» журналында жарияланған «Педагогика» атты еңбегі 1917-1918 жылдары Уфада жазылған. Осында кейін қолжазба күйінде жоғалып кеткен «Қан мен тер» дейтін кітабы да дүниеге келген. Бұл – біз жоғарыда сөз еткен «Тәнсіз жан жоқ» балардың алғашқы үлгілрінің бірі. Дегенмен, Ғұмар талантты публицистикалық мақалаларында жарқырай көзге түседі.