Қиын да сұлу тағдыр

Газетті шығаруда ең көп еңбек сіңірген Ғ. Қарашев екені шынында да байқалады. Газеттің әр номерінде ол өз атымен, сондай-ақ «Ғ.Қ,» Ғабдолла Мұштақ, Молда Қазақаев, т.б. бүркеніш есімдермен бірнеше мақаладан жариялап отырған. Қарашев газет бетінде жарық көрген «Қаусбай мен Гернштейн» атты фельетонымен қазақ сатирасындағы осы жанр негізін салса, «Баку» атты очеркі жолсапар жазбалардың облысындағы қала болуға жазылған қазақ ауылдарының тұс-тұсынан оброчной аталып, мал бағуға жарақты жерлер қалдырылып жатыр. Мал бағу біздің маңдайымызға жазылып, былайғы кәсіппен тіршілік ете алмаймыз деген хакім дұрыс емес. Жөні келсе егінменен, саудаменен де қазақ тіршілік ете алады. Осы күндері орыс, татар секілді отырықшы елдердің бәрі де әуелде көшпелі, мал бағып күнелткен халық болған. Бұлардың қазір де не істеп тұрғандары бәріміздің де көз алдымызда. Біздің де солардан кемдігіміз жоқ, солардай адам баласымыз, олар күнелткен кәсіп-әрекеттермен бізде күнелтеміз».