Бәдел хажы кітабы туралы

Бәдел хажы шығарушы ішкі ордалық Ғұмар Қарашұлы, таратушы Сұлтан Шаңгерей Бөкеев «Үміт» матбағасында басылған. Біздің қазақ арасында Бәдел хажы жіберу өте көбейіп кеткен, бір заманда мұның шариғат бойынша дұрыс еместігі, құрбан айты, пайғамбар хадисіменен ашық: қазақ тілінде түсіндіріліп жазылған кітап көптен керек еді.


Бұл күнге шейін талапды ғұламаларымыз болмағандықтан болса керек, бұл керегіміз табылмай тұр еді. Ғұмар Қараш ұлының бұл керегімізді тауып бергеніне мың мәртебе тәңірі жарылқасын» айтсақда аз.
Бұл мырза осы кітабы менен жалғыз біздің қазаққа ғана емес, хатта ноғай бауырларымызда бірінші бәйгені алып отыр.
Қазағымызданда мұндай терең пікірлі ғалым адам шыққаны на көңіліміз көтеріліп қалды,
Бәдел хажы бұл кітабын әр кімге алып оқуға кеңес береміз. Жазу білетіндер оқи алмайтындарға түсіндірсе, жұртымызда терең тамыр жайған, неше мың сомдардың орынсыз ысырапқа кетуіне себеп болған Бәдел хажы мүлдем бітпеседе азырақ кемір деп үміт етеміз.

Айқап жорналы,
1914 ж. №3, 1 март /хамал/ 68 бет.