СМАҒҰЛДЫҢ ҒҰМАРДЫ ЖОҚТАУЫ

Анау өзен бойында,

Дәнеме жоқ ойында,

Күншіл залым дұшпаннан

Бойтасалап жүргенде

Аңдаусыз түстің тұзаққа.

Қадір білмес ит дұшпан

Жібермеді ұзаққа.

Кескіледі, түйреді,

Жаны ашып ешбір күймеді.

Арасында солардың

Жайнап көзің жалынып,

Жан тапсырдың есіл ер

Ит дұшпанның қолында.

Қолымнан менің іс келсе,

Жаның сақтар күш келсе,

Берер едім жанымды

Құрбан қылып жолыңда.