АСЫЛДАРДА АСЫЛЫМ (Келіні Сақыпжамал Ғұбайдоллақызының Ғұмарды жоқтауы)

Заманында өзіңнің

Аруақты туған ер едің,

Ел қайғысын ойлаған,

Ілгеріні болжаған.

Елдің көзін ашам деп,

Өнер-білім шашам деп,

Қиқуда қиқу күн туса,

Көш бастар қызыл жалаулы,

Жалауына болат найза қадаулы,

Заманында өзіңнің

Деп айтарлық ер едің.

Игілермен жүргенде,

Жабы ішінде тұлпардай,

Құс асылы сұңқардай,

Нұрың айдай балқыған,

Даусың қаздай аңқыған,

Өткір зейін кең ақыл,

Тасқын судай шалқыған.