АСЫЛДАРДА АСЫЛЫМ (Келіні Сақыпжамал Ғұбайдоллақызының Ғұмарды жоқтауы)

Асылдарда асылым,

Алты алаштың ішінде

Жалғыз жүйрік басымым.

Қаным қашып келгенде,

Жарқыраған айдайын.

Ақ жүзіңді көргенде,

Сусындамай қанғаным.

Ойласам ойшыл зерегім,

Аспанменен таласқан

Жапанда жалғыз терегім.

Тарыққанда табатын,

Қысылғанда баратын,

Терең ақыл, кең пейіл

Біліміне алты алаш

Ішпей-жемей тоятын.

Сөйлесе сұңқар шешенім,

Алдына қара салмаған.

Өрен жүйрік тұлпарым,

Қараса ханнан көзі өткір,

Сөйлесе жаннан сөзі өткір.