ЖАПАНДА ЖАТЫР ЕКЕН

 

Ғұмар қабірінің басында досы Нәсекеннің айтқаны

 

Жапанда жатыр екен жалғыз ғана,

Бәйшешек айналасы жасыл ала.

Басында боз төбенің жатыр шыдап,

Таптым деп ел талаған жаудан жала.

 

Қазақтың түзде қалған бір баласы,

Толығып кемеліне келген жасы.

Тағдырдың жарлығымен жатыр жалғыз

Бойында жаудан алған бар жарасы.