ҰЛТ ҺӘМ ТУҒАН ТІЛ (Патшалық һәм бостандық заманында)

Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.

Егер ұлттың ешбір білім-өнері болмаса, оның кәсіп-харакеті де нашар болады. Мұның соңында ол күшті ұлттың қолтығына түседі, һәм солайша біраз уақыт өткен соң ол ұлт бүтіндей жоқ болып кетеді. Осы айтылғандардың бәрі де білім-өнері болмаған ұлттың ұлт емес екендігіне дәлел.

Яғни ұлтшылдықтың нағыз белгісі болып табылады. Тіл мұнан басқа айырмаларда ұлттардың бәрі де бірдей. Тіл ешбір уақытта өзге нәрселерге бас имеске тиіс. Біз оны бегірек те сүйюге һәм түрлі жұқпалы шет тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл – айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрды.

Бала анасының құрсағында-ақ, өз ұлтының тілімен ауызданады, бүтін денесі сонымен азықтанады. Өскеннен соң бала сол тілді жарыққа шығаруға, өршітуге борышты.

Егер біз ұлтты қымбатқа сайсақ, бір-біріне сүйкімді шыраймен тура...

Қазақ халқының келешектегі ұрпағының жазымы да осыған тіреулі. Біз ана тілімізді оқып білсек, соның арқасында ұлтымыздың білім-өнерін алға жібереміз, өршітеміз. Білім ілгері болған жақта тұрмыстың тірегі болған кәсіпөнер жолының кең болатындығы шексіз мәлім, онда шаруашылық жағы да орасан күшті әм өте сенімді болады.

Осы айтылған істерді орнына келтіргенде ғана біз өз ұлтымызға айырым басқалықтар даулай аламыз.