ҰЛТ ҺӘМ ТУҒАН ТІЛ (Патшалық һәм бостандық заманында)

Россияда залым патшалар дәурен сүріп тұрған шағында жалғыз славян ұлтын, оның ішінде де байлары ғана өзінің барлығын білдіріп жасай алды. Байлардан шыққан жетіктер Россияда болған түрлі тілде сөйлеуші жүзден аса халықтың әрқайсысының да айырым ұлты, ұлтына қарай тұрмысы, білім, өнері барлығын баяндап тек керек мағлұматты... ғамалға құйылған уағында іс бүтендей мұның керісінше болып шығып тұрды.

Патша үкіметінің ұлттар тұрмысын көріп, оларды көгертіп, көркейтумен ісі болмайды: ол әрдайымда халыққа көтере алмастай оларды өзінің мейірімсіз тырнағында тілегенінше жаншумен болды. Һәм миллиондаған халықты, әсіресе, шет ұлттарды, қалайша қараңғылықпен аңсыз аюандықта өз пайдаларын білместей меңіреу, керектерін сұрай алмастай мылқау етіп ұстау қамында болып, сонымен ғана шұғылданады.

Бұдан шығатын белгілі мағына әркімге де күндей анық көрініп тұр. Патша үкіметі шет ұлттарды аздап болса да ағарту, олардың ғылым, өнерде арта қалғандарын алға бастыру туралы тіпті де қам жеген жоқ. Ол һәрдайымда ұлттарды бір-біріне айдап салып, өшіктіріп, араларында қанды соғыстар ашып, әлсізін күштісіне талатумен болды. Бұл ұлттардың мекенін аударып аяғынан тоздырып жібереді, ескі үкіметтің мұнан басқа да шет ұлттардың білім, өнерін сендіріп, өздеріне қас болған ғұрпы-ғадеттерін қалдырып, діндерін жойып, бүтіндей, орыстыққа айналдыру сықылды ең нашар ғамалдары да болды.