ҰЛТ ҺӘМ ТУҒАН ТІЛ (Патшалық һәм бостандық заманында)

Бір халықтың өз тілінде білім-өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгереді һәм көршілес күшті халықтың  тілімен әсірелеп... соған қол болады, оның ішінде жаңалақтар көбейеді. Ол кішкене ұттарды жаңартып, жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һәм жылдам ұмытылады.

Мұның мысалын тарих бетінде бек көп ұшыратамыз, бұрын да бірнеше халықтар болған, қазір біз олардың бірін де көре алмаймыз, һәм олар жоқ. Міне бұлар – сол тілдері жойылып кеткендер.

Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады.

Патшалық заманында көп ұлттар осындай халдерге душар болды.

Мінеки, залым патша үкіметі қолында айырма уақ ұлттар осылайша ойыншық болып жүрді.

Ұлы өзгерістің қуатты күшімен патша үкіметінің негізсіз ұясы быт-шыт болып таралды.

Ол өзгеріс бізге сөз бен дінге үлкен бостандық берді. Һәм бүтін ұлттарға бірдей құрдастық, тегістік жолын ашты. Міне, қазір бізге айнала кеңшілік, қай жағымызда да тоқталыс беретін кедергі жоқ. Ұлтымыздың білім-өнерін, әсіресе, ана тілімізді қалайша һәм қанша өсірсек те жолымыз ашық.