ЗАҢ МӘСЕЛЕСІ (Шариғи мәселе)

       Енді келелік құрбандық мәселесіне. Әлгі жоғарыда  бірсыпырасының аттары жазылған қатырма тысты қалың кітаптарға қарағанда құрбан айының онынан бастап он екісі күні күн батқанға шейін халі жеткен адамдар бір қой яки бір ешкі, я болмаса түйе, сиырдың біреуінің жетіден біріне кірісіп шалып, қанын ағызу шарт, құран-шарифтың 32 – Хажы туралы сүресіндегі: «ләм янәлулулаһу ләхуахұма уәләд мәһуһа уәләкин янәлуһу әннаһуа минку» - деген терең мағыналы аятына қарағанда аллаға шалынған малдың еті, қаны жетпейді, бәлкі ақ ниет, адал жүрек жетеді, яғни малды шалып қанын ағызу яки табақтап етін тарту мақсұд емес, бәлки адам малын-мүлкін қиып жақсы күндерде алла жолына шығаруы мақсұд деген. Бірің емес, көптін, жалпы жұрттың, ұлттың пайдасына жараған орынды. Алланың өзі һеш нәрсеге мұқтаж емес. Енді осы заман халін, ұлтымыздың жайын ойлап қарасақ, әлгі аяттың көрсеткен жолыменен жүрсек, сол құрметті ізгі үш күнде нендей орын тиісті, ұлтымызға пайдалы болып, сол орнымызға малымызды сарф ету жарайды, нағыз сауапты құрбан болып мойнымыздан түседі. Мұнда һешбір садақа болуға орын жоқ.

     Құрметлі бауырым Хамидолла! Сізге бұның ғажап болып көрінуі, жасыңыздан құрбан деген қан ағызу деп басыңызға сіңіп қалғандықтан сізге үйреткен моллалар құрбанды ашып, шариғаттың рух пәлсапасын үйретудің орнына, әлгі қалың кітаптардағы мың жыл бұрынғы халге, заманға қарай айтылып қалған сөздері үйретіп, осыдан айырылмай, тап осыны өзгертпе дегендіктерінен. Өзіңіз ойлап қараңызшы: жыл сайын хаджардағы мына деген жерде құрбан күні жүз мыңнан артық қой, түйе, сиыр малдар бір күн ішінде шалынып жерге көміледі, бұл ұят емес пе?! Мұндай иерапты ақ шариғат қосар ма? Міне, осылардың бәрі шариғаттың рухын тастап, адасуымыздан келіп тұр.