ЗАҢ МӘСЕЛЕСІ (Шариғи мәселе)

     Жаңа ғана осы арада Астрахан маңайындағы бір бауырым Хамидолла Наубетов деген үшителден хат алдым. Хаттағы сұраған фатуасы жұртқа ортақ нәрсе турасында болғаны үшін, оның хатын да һәм жауабымды да хұрметлі «Қазақ» арқылы жар етуді лайық көрдім. Хатасын тапқан жандардан жолы-жөніменен, шанышпай, таптамай түсіндірулерін тілеймін. Хамидолла Наубетов жазады: «Мұхтәрәм»1 Ғұмар әфенді, «Қазақтың» 36-ыншы нөмерінде «Сарқандтан телеграм» деген мақалада құрбанлықты шалмай, 5 сомнан құрбан басына хақ кесіп жиып алып студенттерге жәрдемге жіберіпті. Бұл іс қазақ арасында бұрын болмаған уақиға болғандықтан, аң-таң қалып, бұл дұрыс па екен? Шығармай ақшалай хақ кесіп үлестіру шариғатта жарай ма екен? Бұл бір рәсуә ғамал болмаса еді? – деп күмәнға қалушылар бар. Билік иесі адамдардан мұның жарап-жарамауы хақында сұрап біліп, егер шариғатта дұрыс болса, біздер де неге солай істемейміз деп ойға қалып, сізді соған дұрыс дәлеліменен фәтуасын беруге рақым етер деп бұл өтініш сәлемімді жолдадым. Егер құрбандықты тірі үлестіру дұрыс болса һәм бұл біздің қазақ арасында жайылып, халықтың нағыз мұқтаж болған оқу-өнер жолына жұмсалса, ұлтымыздың қараңғылықтан жарыққа қарай бет алуына көп себеп бола еді».

__________

 1 Мұхәрәм – құрметті.