ЗАҢ МӘСЕЛЕСІ (Шариғи мәселе)

Жауабым: Терең ойлап, тесе тексергенде һәр нәрсе де болған секілді-ақ, шариғаттың да ресімі бар. Һәм рухы-мақсуды бір. Шариғаттың ресімін, сынын-сымбатын кесіп пішетұғын һәрбір замандағы мұжтаһад ғұлама ийіті болып, ғылым фәқа1 деген шығарып фәқаи1, мұғәбәр2 фәтуа кітаптары таралып, ел-жұрт соныменен ғамал істейді. Һидәиә, уәқая, Қазыхан3 сияқты мұғтабар (!) китаптары болады. Әрине бұлардағы айтылып кесіліп-пішілген нәрселер біреуі де мәңгілік емес. Һәр уақыт адам баласының халі, тіршілігі, заманы өзгерумен бұлар да өзгеріп тұрады. Пайғамбарымыздың (Ғ.С.)4 заманалардың өзгеруіменен хәкімдер өзгереді деген сөзінен мұрад, осы шариғаттың ресімі сыны-сымбаты өзгеруі.

Шариғаттың рухы-мақсуды құран-шарифте баян етіледі, бұл мәңгілік, бұл ескірмейді, тозбайды. Бұл рух түрлі заманда түрлі сүгіреттелсе де, өзі саф таза балқып, көңілі соқыр емес адамдарға көрініп тұрады. Бұл рух мұнан мың жыл бұрын қалай болса, хазірде де солай, құранның мәнгілік жолбасшы болуы осы жөнменен.

__________

1 Фәқа, фәқай – кітаптар.

2 Мұғәбәр – мәртебелі.

3 һидәдиә, уәқия, қазыхан – кітап аттары.

4 Пйғамбар ғалаиссалам.