ЖАЛҒАУ

         Бұ Шәбәрма уақиғасы хақындағы сөзді Әбу Халаба ибн Ғаббас деген сахабаның сөзі, ол уақиғаның өзі де расул-алла саллаhу уа ғайhиссалам алдында емес, иби Ғаббас хұзырында болған уақиға депті. Бұлай болғанда бұ хадис болмайды, ибн Ғаббас өз ойыменен айтқан сөз болады. Және де ибн әл-Мұфлис деген ғалым кітабында: бағзы ғалымдар бұ хадисті әлсіз деп санады. Өйткені бұ уақиға хақындағы риуайаттың түбі Сағид ибн Әби-Ғарубаға тіреледі. О кісінің өзі Басра шаhарында жүргенде бұны ибн-Ғаббастың сөзі деп жүрген екен. Соңынан Куфаға барғанда пайғамбарымыздың сөзі депті. Шамасы о күнде де осы күнгідей ана ауылға барып бір түрлі, мына ауылға барып екінші түрлі сыпыртып жүретін шырықтықтыр да бар болғаны ғой.

 Бұ рисала бастырылуға берілгеннің соңында бізден сұраушылар болды: – Егер біраз бәдел-хаж беруге өсиет етіп кеткен болса, hәм мұрагер бәдел-хаж жіберу міндет бола ма, жоқ па? – деп. Бұған жауап: – Жіберу міндет емес. Үйткені, бәдігат нәрселерді істеуге бұйырған өсиет батыл ынтаға фәтуа бергендері еді. Хатым1 үшін таhлилер үшін өсиеттің батылдығыменен фәтуа бергендері еді. Шарих шарифте зарарлы нәрселер hешбір жөнменен де міндет болмау.

_______________

1 Хатым – құран хатым – өлген адамға

 

Ғұмар Қарашұғлы