ЖАЛҒАУ

Жалғау:

Бұ рисаланы жазып, тәмамдағанның соңында сынап пікірін жазса екен деген ойменен Орынбор қаласында «Шора» деген журналды шығарып тұрған атақты сенімді ғалым Ризаддин хазіретке жіберіп едім. Ол кісінің өз қолымен жазған сөзі рисаланың тысқы беінде түсінігімен басылды. Бұлай арабша-татарша аралас жазылған сөзді біздің қазақтың көбі түсіне қоймас деп Ризаддин хазірет сөзінің мұрат-мақсатың, түсінігін осы жерде ашық қазақ тіліменен айтып кетуді тиіс көрдім. Ол айтады:

Біздің пікірімізше, бұ рисаланың мазмұны негізінен дұрыс. Бұ орындағы хадистердің сенімділері мынау: пайғамбар ғайhиссалам Шәбәрма деген біреу үшін өтініш-тілек айтқан дауысты есітіп «Шәбәрма кім?» деп сұраған.

Тумам (иә жақыным) – деп жауап бергенде.

Өзің үшін хаж еттің бе? – деп және сұраған.

Жоқ – дегенде,

Әуелі өзің үшін хаж ет, сонан соң Шәбәрмаға етерсің – деген.

Хадис ғалымдары бұ сөзді жартысы мұқұф деп, жартысы марфұх деп таласады. «Мұқұф» деген расулымыздың сөзі емес, бір-бір сахаба айтқан сөз болады. «Марфұх» деген расулдың айтқанын риуайатшылар өз құлақтарыменен есіткен хадис болады. Енді Шәбәрма хақындағы сөзде хадистігінде таласты болса, күмілжі затпенен ыспат табылмайды. Және де бұ уақиға парыз хаж хақында ма, яки нәфіл-ғұмыра1 хақында ма, бұ да ашық емес деп сөзін бітіріпті Ризаддин хазірет.

__________

1 Нәфіл-ғұмыра – өтелмесе де болатын шарттардың бірі.