IX ЖАСЫРАҚ УАҚЫТЫМДА

Жасырақ уақытымда мен бір сопылардай-ақ бір мүрид едім. Шариғат ғылымынан жақсы ғана хабарым бар - өзімше ойлағанда ғылым мен сопылықты бірдей жиған кәміл адам болмақ едім. Ас-су ішпей, қатып-семіп, тілімді таңдайға жабыстырып, сол жақ емшек астындағы екі елі шамасында қалып1 деп аталған бір орынға ышқынып – көңілімнен «алла, алла» деген сөздерді айтып жүргенде, аяғымның ұшына қарап қана жүруші едім.

Ол уақыттарда түсімде, бағзы бір халде өңімде көп ғажаптарды көрдім. Көрген сайын рахатымды арттырдым: махамнан махамға көштім, ақырында сол шекке жеттім. Барша тәнім зікір айтқандай болып өзіме сезілетін еді. Күн санап  ләззатым, зауқым артты, бүтін дүниеден баз кештім. Ас жоқ, су жоқ, ұйқы жоқ, күлкі жоқ. Ойлаймын: Бұл бос дуниеге алданып не қыламын? Ел-жұрт әһік-хаялымды2 тастайын да, халақ  ғаламнан ғазелет етіп3 дүниенің бір шетіндегі ғазиздің қабіріне барып ғибадатқа мәшхүл4 болайын. Сөйтіп рухани ләззаттарымнан қанағаттанып ғұмыр кешейін деп бұл ой көңіліме бек берік орнасты. Һәм сол күн түсімде бір адам жаныма келді де: «изатехаир түм филаламурфастиғину минаһлилхабур»5 дейді. Ұйқымнан тұрдым да, ұстазым  хұзырынан қайтуға қарар бердім. Келдім һәм ұстазымнан былайша рұқсат сұрадым: «көп жыл хұзырыңызда тұрдым, шәрип нәсіп әзіріңізден хисапсыз пайдалар көрдім. Пайзылар6 хасіл еттім. Енді маған рұқсат беріңіз, қайыр, дұғаларыңыздан дарих7  қылмаңыз».

________________

1 Қалып – жүрек.

2 Әһік-хаялы - отбасы, үй-іші.

3 Халық ғазелет етіп - дүниені ұмытып.

4 Мәшхұл – шұғылдану, айналысу.

5 Әмірімнен жақсылық күтсең, қабірден басыңды көтер.

6 Пайзы – жақсылық..

7 Дарих – құр қалдырмаңыз.


Ұстазым бек қайта әсерленеді де, бір қағазға жазып былайша жауап берді: «Бек бахил һәм дұғашымен сіздей ғазиз мүрид уә шәкірттерім халдери, жер шетінде жүрселерде сәхар1 уақытында ойақ шақларымызда2 күн секілді әшкерекөз алдымызда көрініп тұрады, мұны мақтанып айтпаймын, тәхәисән лилнеғмат зікір етемін»3.

Ұстазымның бұл сөздері  маған қатты әсер етті. Хақ керемет иесі екеніне көңіл қойдым. Шүңки оның жалған  сөйлемеуі өзіме шексіз мағлұм.

Бұлайша хиял дариясының толқындарынан шыға алмай, бірден-бірге ғаріп болып жүрген уақыттарымда ондай хияли хастерліктерден ғаламат халық арасында қадір-құрметі зор замана ғылымынан кәміл пәлсәпасымен хабардар бір адамның мәжілістеріне ұшырай бастадым. Әуелгі ұшырауымда бұ күндегі ишандық, мүридтік жолы пайғамбарымыз (С.Ғ.) заманасында болмаған бір бәдіғат4 екені сөз болды. Менің бұ сөзге бек ашуым келді. «Міскін адасулы екен, тоқта, мұны түсіндірейін» деп ойландым. Әм түрлі  жауаптар беріп, өзімше ол адамды қате жолдан тура жолға салмақ болдым. Айтылған сөздерді жұмсақ қана тыңдап бек жақсы жауап беруден «иншалла, ұстаз патихасында бұл адамды тура жолға салармын» деп үміт еттім.

Екінші, үшінші мәжілістерде ол мені жеңе бастады. Қуатты һәм жұғымды дәлелдері мені ешбір жаққа бұрылдырмасқа айналды. Солай да болса әлгі ұстазым тарапынан берілген хат маған зор арқа таяныш етті. Кереметтің барлығына һәм бұ күндегі шайқылардың нағыз хақ жолда екеніне ашық дәлел еді. Ғақбіт5 сол қағазды көрсетіп, ол адамды әлзам етпекші (жеңбекші) болдым.

________________

1 Сәхар – таң мезгілі.

2 Ойақ шақлар – ояу кездер.

3 Зікір етемін – еске саламын.

4 Бәдиғат – үйткені.

5 Ғақбіт – ақырында.


Гәршә1 бұ күнгеше ол қағазды ешкімге көрсетпей сақтасам да, бұл жолы көрсетуге өз ойымша себеп таптым. Бұ қағаз  арқасында хақ жолды сақтап, ысбат ету қата сенімдегі бір адамды тиыш жолға салуды тура көрдім.

Бір күн тап болған бір мәжілісте жай-жапсар сұрасқан соң баяғы шайықтық һәм керемет әңгімелері басталды. Мен де жанымдағы ұстазым қағазын алып оқырға әзірлендім. Мен оқыдым, ол тыңдады. Баяғы «халыңыз күн секілді әшкере көз алдымызда көрініп тұрады. . .» деген сөзге келгенде әсер берді ме дегендей болып, тыңдаушыға көз жібердім. Азырақ езу тартып отырғаны көзіме шалынды. «Жә, бұ сөздерге не айтасыз, жалған дейсіз бе?» дедім.

Ол: «жоқ, жалған демеймін, хазіретіңе сенің халың секілді бір хиялдың көрінетіні дұрыс. Оның себебі болады» деп баяғы хияли хастерліктерді фан жаһытындан ашық түсіндірді. Һәм ап-ашық айтты: сенің хастеріңде солар жұмласымен бір хияли ауру, оған себеп «риядат ұйқысыздық» бегіректе өзі сол жолға ишануы деп. Ие енді менің бұ таянышымның түбі жіңішкере бастады.

Сол уақыттарда Мысырда шығып тұрған «Әлмұнар» мәжаләлсі (журнал) қолыма түсіп оқи бастадым. Бек жұғымды болғандықтан қызығып оқитын едім.

Бір нөмірде мішһүр философ Жамалиддин Әл-Афғани хазіреттің Мысырда оқыған бір хұтбасын мүталаға қылдым2. Әлмұнәрда жазылған Мысыр мүфтисі Ашшайық Мұхаммед Ғабдуһу хазірет қаламымен араб тілінде тәртіп етілгені үшін, шешендігі, әсері бек қуатты һәм оқу үшін сүйкімді шыққан бір мақала еді.

Бұ орында ол хұтбаның «Санағаты» (өнер) деген бір қысымын жазып көрсетейін, бәлки оқушылар пайда аларлар. Әлбетте жаза  шақтарым өзіміздің қазақ тілінде тәржіме, һәм сөзге сөз тәржіме болмайынша манһомен3 ғана көшіру бола шықдыр.

_____________

1 Гәршә - осылай болса да.

2 Мүталаға қылдым – оқыдым, зерттедім.

3 Манһомен – жобамен.


                                                                                X

Санағат (өнер) – Афғани хұтбасынан тәржіма адамдардан басқа һәрбір хайуандардың не бар хажет нәрселері өз үстерінде жаратылған: суығына тоңып, ыссыға күймес үшін, тәндеріне түк, басқа хайуандардан сақтаныс үшін бастарына мүйіз, аяқтарына тырнақ, ауыздарына өткір азу берілген. Бұ себепті ол хайуанат жынысы адамдай емес, Һәрқайсысы өз алдына күнелте аларлық болған. Һәмме адамдар былай жаратылмаған, яғни ешбір қажет нәрсесі өз үстерінде жоқ: түксіз, мүйізсіз, тырнақсыз азусыз, ыссыдан, суықтан сақтану үшін киім  хазірлеуге, жыртқыш хайуандардың зарарларынан сақтану үшін қару-жарақ хазірлеуге, азық-түлік жиыстыру үшін өзі секілді екінші адамдардың қолғабыстарына (жәрдемдесу) мұқтаж болып, ағза жағы бек кем зағиып1 жаратылған.

_____________

1Зағиып - әлсіз, күшсіз.


Сол кемін толтырып, жетпегенін жеттіру үшін тәңірі тағала ол адам жынысына ақыл (ғақыл) деген бір сипат берген. Һәм ол ақылмен бәрібір керекті нәрсесін ойлап біліп, ойындағысын өзіндей адамдарға түсіндіріп, бір-біріне қанақ-құйрық болсын деп тіл берген. Қысқартып айтқанда, тәңірі тағала адам жынысын былайғы хайуандардан басқаша жалғыз-жалғыз күнелте алмастық – бәрі бірігіп, бірінің жетіспегенін басқалары жетістірерлік етіп жаратқан. Һәм адамдардың күн көруін санағат (өнер) деген нәрсе байлаған. «Неге?» десеңіз барша адамдарға да кірерге үй, киерге киім, жерге азық керек. Бұлардың ешбірі де жалаңаш қолмен жасалмайды. Ағаштан, темірден істелген неше түрлі құрал, машиналар қажет. Бұ құралдарды жасау һәм ол құралдарымен адам өз керектерінің бірнешесін әзірлей алуға «санағат» делінген.

Адамдар жалғыз-жалғыздан күнелте алмауы білінді. Бір алқаптағы адам жынысы, бәрі бір тәннің ағзалары хүкімінде екен: қайсысы бас, қайсысы аяқ, қайсысы бармақ, қайсысы тырнақ.

Натаки, бұ ағзалардың бәрі жиналудан жан аясы болған бір тән пайда болып, ол ағзалар һәр қайсысы өзіне тиісті қызметтерді кемшіліксіз ада қылып тұруға міндетті еді. Сондай-ақ жалғыз, жалғыз адамдардан жиыны  деген бір нәрсе ғасыл болып, қысқаша айтқанда «милләт»1 деп аталады. Һәрбір адам сол миллаттың бір ағзасы болғандығы үшін өзіне тиіс болған өнер сүнғатты біліп, дәйім миллатқа пайда келтіріп, оның арқылы өз басының тірлігін сақтауға міндетті.

_________

1Милләт – ұлт.


Егер бір адамдар өздеріне міндет болған кәсіп, өнер жолын қойып, жалқаулық, іссіздік жолына кірселер һәм басқаларды сол зарарлы жолдарына дағуат1 етселер, ол адамдар «миллат» тіліндегі бір-бір ауру себепті шіріген ағза хүкімінде болып, ол ағзаларды тезірек кесіп алып тастамаса, бүтін тәнге жұғып әлек етуіне шүбә жоқ..

Заманымызда мәшһүр салқын сопылық жолы осы миллатымыз тәніне пайда болған зарарлы жұқпалы бір ауру хүкімінде-дүр. Бұ ауру себепті көп адамдар өздеріне міндет болған кәсіп, өнер жолын тастап, «миллат» тәнінде шіріген бір ағза болып тұрмақ та. Һәм ғайырларды2 да бұ жолға үйдегендері үшін бұ зарарлы ауруларын басқа сау ағзаларға да жұқтырмақ-дүр.

Білігі жеткен, сөзі өткен адамдарымыз бұ аурудың ғылажына қарап, жазылмастық болғанда миллат тәнінен кесіп тастамасалар жұға-жұға бүтін миллатты бір күн әлек етуінде шүбә жоқ. (Афғани хазіреттің хұтбасы бұ жерде тамам).

Бұ екі хакімнің сөздері мені қиял дариясынан шығарды.

Алла риза болсын – һәр екісіне де міннәттармын3.

_____________

1 Дағуат – түсіндіру, үгіттеу.

2 Ғайырлары – басқалары.

3 Міннәттармын – қарыздармын.