IX ЖАСЫРАҚ УАҚЫТЫМДА

Сол кемін толтырып, жетпегенін жеттіру үшін тәңірі тағала ол адам жынысына ақыл (ғақыл) деген бір сипат берген. Һәм ол ақылмен бәрібір керекті нәрсесін ойлап біліп, ойындағысын өзіндей адамдарға түсіндіріп, бір-біріне қанақ-құйрық болсын деп тіл берген. Қысқартып айтқанда, тәңірі тағала адам жынысын былайғы хайуандардан басқаша жалғыз-жалғыз күнелте алмастық – бәрі бірігіп, бірінің жетіспегенін басқалары жетістірерлік етіп жаратқан. Һәм адамдардың күн көруін санағат (өнер) деген нәрсе байлаған. «Неге?» десеңіз барша адамдарға да кірерге үй, киерге киім, жерге азық керек. Бұлардың ешбірі де жалаңаш қолмен жасалмайды. Ағаштан, темірден істелген неше түрлі құрал, машиналар қажет. Бұ құралдарды жасау һәм ол құралдарымен адам өз керектерінің бірнешесін әзірлей алуға «санағат» делінген.

Адамдар жалғыз-жалғыздан күнелте алмауы білінді. Бір алқаптағы адам жынысы, бәрі бір тәннің ағзалары хүкімінде екен: қайсысы бас, қайсысы аяқ, қайсысы бармақ, қайсысы тырнақ.

Натаки, бұ ағзалардың бәрі жиналудан жан аясы болған бір тән пайда болып, ол ағзалар һәр қайсысы өзіне тиісті қызметтерді кемшіліксіз ада қылып тұруға міндетті еді. Сондай-ақ жалғыз, жалғыз адамдардан жиыны  деген бір нәрсе ғасыл болып, қысқаша айтқанда «милләт»1 деп аталады. Һәрбір адам сол миллаттың бір ағзасы болғандығы үшін өзіне тиіс болған өнер сүнғатты біліп, дәйім миллатқа пайда келтіріп, оның арқылы өз басының тірлігін сақтауға міндетті.

_________

1Милләт – ұлт.