IX ЖАСЫРАҚ УАҚЫТЫМДА

                                                                                X

Санағат (өнер) – Афғани хұтбасынан тәржіма адамдардан басқа һәрбір хайуандардың не бар хажет нәрселері өз үстерінде жаратылған: суығына тоңып, ыссыға күймес үшін, тәндеріне түк, басқа хайуандардан сақтаныс үшін бастарына мүйіз, аяқтарына тырнақ, ауыздарына өткір азу берілген. Бұ себепті ол хайуанат жынысы адамдай емес, Һәрқайсысы өз алдына күнелте аларлық болған. Һәмме адамдар былай жаратылмаған, яғни ешбір қажет нәрсесі өз үстерінде жоқ: түксіз, мүйізсіз, тырнақсыз азусыз, ыссыдан, суықтан сақтану үшін киім  хазірлеуге, жыртқыш хайуандардың зарарларынан сақтану үшін қару-жарақ хазірлеуге, азық-түлік жиыстыру үшін өзі секілді екінші адамдардың қолғабыстарына (жәрдемдесу) мұқтаж болып, ағза жағы бек кем зағиып1 жаратылған.

_____________

1Зағиып - әлсіз, күшсіз.