VII ЖОҚҚА ИЛАНУ

Хазіреттер өздері бек дүнияуй ғылымдардан хабарсыз, қатты надан болды. Хәттә1 хазіреттің түрлері, мүрит2 жиюлары өзі надандықтарынан келеді. Әмме айтпаймыз олардың бәрі «алдауыш, шарлатан» деп, олардың көбі бек саф, жақсы адамдар. Қолдарынан келгенше милләттес халықтарына пайда еткісі келеді, мешіт салады, ханаққа3 ашады, мүрит тәрбиелейді. Бұл істердің бәрінде де ниеттері дұрыс. Яғни, халықты тура жолға бастамақшы болады. Бұл жерлерінде еш айтуға сөз жоқ.

Мәгер, өздері бек надан болады, дүнияуи ғылым уә пәндерден еш хабары болмайды. Бұл себепті халыққа пайда етем дей тұрып, түйе бойламастай зарарлар жасап тастайды. Бұларында тағы сөз жоқ.

Және, бұл жолдағы адамдардың бәрінде де бір түрлі хияли аурулық болады, ол хияли ауруларға көр уақыттар риядат4 шегу, қараңғы ханакаларда күн кешіру, бегіректе надандық себепті әһіл тасауыптың хияли керімдеріне ышанып5 тәрбиелену себеп болады. Мұның тәпсилі6 былайша:

 _____________

1 Хәттә - тіпті.

2 Мұрит – шәкірт.

3 Ханака – медресемен қоса салынатын мешіттің үлкен түрі.

4 Риядат – азап шегу.

5 Ышанып – иланып,сеніп.

6 Тәпсилі – жағдайы, мән-жайы.