VII ЖОҚҚА ИЛАНУ

Бәлки әлгі тіб ғылымында ашық тәжірибе уә имтихандармен ысбат1 етілген дарулармен ғылаж етіледі. Мысалы: біз өзіміз де білеміз біреу шөлдесе, оған не қылмақ керек? Зияратқа алып бару ма, яки сусындық шарап беру ме? Табибтар2 назарында ыссылық себепті шөлдеу де бір, суықтық себепті ыңқылдап, күрсілдеп төсек тартып жату да бір – екеуінің себебі бар һәм екеуінің де даруы бар. Біз надан болмасақ, яғни әлгі аурудың не себепті ауырғанын һәм  даруын білсек, біз де оны ыстықтан шөлдеген адамменен бірдей көрер едік. Шөлдеген адамды зияратқа апару не дәреже ұят болса, басқа ауруларды апару һәм сол дәрежеде ұят – араларында еш айырма жоқ. Сол ғана айырмасы бар. Надандығымыз себепті біз анау аурудың суық тиюден болғанын білмейміз. Әммә мынау шөлдеушінің ысылықтан шөлдегенін білеміз.

Надан адамдардың еншісіне тиген бір қасиеті сол болады: себебін білмеген нәрселердің бәрін керемет әулиеліктен деп санайды. Егер, бір ауру болса, жын зақметі3 дейді. Кеп-кеше көшуін тағы (чума) ауруын жын түртуінен, көрмердің көзі түсуден деп шанып жүріскен. Бір жерде тағы білінсе, баяғы үшкіруші ишан мен темір жалаушы бақсыға сиынған. Бұл замандарда көп халықтар ашық білді. Жын деген нәрсенің  тағы қасталығына еш қатысы жоқ, бәлки өзіне қас бір микроб себепті болады һәм сол аурудан нешік сақланудың ғылажын да таптылар – шешек еккендей ектіріп, піскен адамға  жұқпайтыны да ысбат етілді.

Жынды қуам деп үшкіруге келген, яғни дұрыстап пайдасын алуға жүрген надан молдарлардың өздеріне жұғып өліп қалып, сүйекиері жәһәннәм отындай – азуиіз жалқынында жанып дүниеде-ақ жазасын тартқан оқиғалар да болды.

__________

1 Ысбат – дәлел.

2 Табиб – тәуіптер.

3 Жын зақметі – жын зияны, әрекеті.