VIII «БАРЛЫҚ» НИЗАМЫ*

 

Дәмді тағамдарын ішіп-жеп, таза ауасымен дем алып жүрген жұмыр жердің үстінде, бұл дүниеде әр күні әр сағат сайын шет-шегі жоқ оқиғалар болып жатады. Сырт қарағанда олар әрқилы. Солардың себептерін  білу жолында қанша бас қатырсақ та аз ақылымыз жетпей қайран қалып, шарасыздан «құдайдың салғаны солай, не қаласа, соны істейді, оны тексеру-білу пенденің ісі емес» дейміз де жүре береміз. Солай болса да тереңірек ойланып көрсек, құдайдың әрбір ісі бірі екіншісіне қайшы болса да әрқайсысында өзгермей, жаңылмай тұрған бір заңдылық бар. Олар бір құдіріттеің билігі мен қалауында.

Егер бұл «барлық» сырларын тиісінше көре біліп, олардан ғибрат алып, ұғып-түсіну үшін жай ғана басымыз бен көзіміздің қуаты жетпейді. Ол үшін пән* кихмет көзілдірігін киген көңіл көзімен қарауға тура келеді. Сырт көздердің көрулері тегіс бір дәрежеде болмайды. Бір көз алысты көрсе, екінші бір көз есік алдындағыны ғана көреді. Сол сияқты көңіл көздеріңнің де айырмалары бар. Қалай болса да бұл «барлық» низамы болып саналады. Әрбір пенде ешкімнен қорқып, жаңылыспай сеніммен иланса ғана жақсы. Міне, сонда ғана біз қателерден құтылып, қандай ма іс істесек те басқалардан ұялмайтын боламыз.

_____________

*Низам – заң, қағида, ереже. Ғ.Қараштың «барлық» деп отырғаны дүние, әлем, өмір деген мағынада.

*Ғылым