БАҚЫТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМНЫҢ ТОПТАРЫ.

 

Ақылы кең, пікірі терең саналатын ғылыми қауым мынадай үш топқа бөлінеді. Бірі – құр ғана білу, түсіну дәрежесіндегілер. Сол түсінігі дұрыс па, қате ме, оны айыру қолынан келе бермеді. Бұлардың білім танымы бұлдыр елес, бұлдыр түс сияқты сезіледі. Екінші топ – білген нәрсесін ақыл таразысынан өткізе алатын, оның дұрыс, бұрысын айыра алатын адамдар. Бұлар – шын мәніндегі ғалымдар. Үшіншісі – білімі мен табиғи қабілеті қосылын, ғылымның ең жоғарғы биігіне жететін адамдар. Демек, осындай бірнеше мысалдар арқылы бұл жайларды түсіндіруді мақсат еттім.

Қарапайым адамдардың көбі ғылыми адамдардың аталған топтарын, адал, арам халін ажырата бермейді. Мен соларды білдіруді ойладым. Бұл үш топты: араб тілінде мәждәт (білумен ғана шектелуші), ойшыл (пәлсәпашыл) және ғұлама деп атайды. Бұл үш топтың алғашқы екі тобын мектеп, медреселерден білім алса, ұстаздық қызметтерге пайдалануға болады, ал үшінші топатағылар ерекше тума талантымен, көңіл көзімен ғылым әлемін меңгергендер.

Біз жоғарыда айтқан надандық, қараңғылық, жалқаулық кесірінен дініміз де құлдырап кетті. Дінімізді де дұрыс ұстай алмай, дүниеде діннен айырылып қалу қаупіне жеттік. Демек, дінімізді қалай қалпына келтіреміз, қалай дамытамыз? Бұл жайында әртүрлі көзқарас бар. Біреулері өнер, білім арқылы жетілдірейік десе, біреулер дінді өзгерту керек дейді. Қорыта айтқанда, ежелгі ислам діні жолын дұрыс ұстай білуіміз керек.