ҚАЗАҚҚА

Жан қиғыш жазыдағы жамандардың

Таң туды түсер қысқыш бір тезіне,

Қорғалап, кібіртіктеп кейін қалма,

Жау болма тар заманда өзді-өзіңе.

Қамықпа, қарайлама ілгері жүр,

Батыл бас аяғыңды, бақ көзіңе.

Көзіңді аш, есіңді жый, жәйды байқа,

Саф алтын ауыстырма сары жезіне.

Тік тұрған өре қойса асыл қамқа

Самарқан сатып жүрме сары бөзіне.