ҚАЗАҚҚА

Бес арыс бетегелі жерім бар-ды,

Бұрқырап шығып жатқан кенің бар-ды,

Атысып алтындаған ақ кенепті

Ойнаған одақтасып көлің бар-ды.

Көк етті, көн терілі көш бастаған,

Шекелі, күшті қошқар ерің бар-ды.

Кетсе де ердің құны, нардың пұлы

Инабат ерге біткен сенім бар-ды.

Телегей теріс айналып жер тебіренсе,

Арамыз ашылмаған желім бар-ды.

Тең түсіп қатарынан қалыспаған,

Қазағым, сондай болған елің бар-ды.

Келгенде жабырқама бұл кезіңе,

Құлақ сал бастап жүрген ер сөзіне.