МАХАББАТ

Махаббатың ұрығы

Болса көңілің ішінде,

Адамшылық жемісі

Өсер көктеп ісіңде.

Махаббатсыз есіліп,

Жүрегіңе қонбайды.

Жолдас етіп  шешіліп,

Не жарисың мұндайды.

Тату тұрған елдердің,

Жолда жүгі қалмайды.

Елін сүйген ерлердің

Жүректері талмайды.