ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Жаңарған құтты болсын жылың , қазақ,

Жарқырап тусын бақыт күнің, қазақ.

Әр жерде азаматың бас көтерсін,

Есітіп бостандықтың үнін, қазақ.

Шіріген ескілікті отқа жағып,

Өшірсін көкке қарай күлін қазақ.

Бостандық  жаңа жолға іс басында,

Қайырлы, мейірімді құтты болсын,

Жаңарған жылың қазақ, жылың қазақ.