ЕКІ БАУЫРҒА

Екі жол екі тұстан жосылып тұр,

Шықпай-ақ көрінім жер қосылып тұр,

Екі түптен екі бұтақ өскен жоқ па?

Шет көріп несін мұның шошынып тұр!

Ата айтқан жаттық емес «қазақ,татар»

Баласы бір ананың өскен қатар.

Біріксе жөней бара айқын жолда,

Жарық таң алдарынан жайнап атар,

Бір жүріп қол ұстасып, сапар шексе,

Бауырлас жақындықтың дәмін татар.

Жақынды жаттай көріп шетке қақса,

«Үйімді» тілек еткен жанға батар.