БАРМЫСЫН

Айырмысын, нармысын,

Ақыл, ойың жармысын,

Ақ жүрекпен серт еткен,

Уағада да бармысын?

Ақ жүрекпен серт еткен,

Босаң емес берік еткен,

«Ешбір уақыт тәрік етпен»,

Деген сөзде бармысын?

Таза жолмен табысқан,

Аялы қол алысқан,

«Ұмытпан» деп қалысқан

Уағада да бармысын?

«Теріс жолға сынаман,

Арам терге бұламан,

Жөн келгенде шыдаман»

Деген сөзде бармысын?


Білек басқа, тілек бір,

Жүрмек басқа, жүрек бір

«Тілек алсаң тілек бір»

Деген сөзде бармысын?

«Дос тілегі досына,

Ғарышке асар қосыла,

Дұғада бол тілей көр»

Деген сөзде бармысын?

«Есіңе алып әр уақыт,

Ұмытпасаң болғаны.

Келіп-кетіп жүре алсаң,

Кем кетіктің толғаны.

Жан иемнің пазылы*

Ғажап емес болмағы.

Үміт кеспе жан достым».

Деген сөзде бармысын?

«Қанша қара болса да,

Таң айтпайтын түн болмас.

____________

*Пазылы – ардағы.


Қалың тұман жапса да,

Ашылмайтын күн болмас

Пазылынан иенің,

Үміт кесу жөн болмас»,

Деген сөзің бар еді,

Осыныңда бармысын?

«Терең қазып көмседе,

Шын ақиқат жабылмас.

Құлаш ұрмай мұхитқа,

Асыл жәуһар табылмас.

Ер басына күн туса,

Нені істемес, не қылмас.

Тәуекелді жолдас ет»

Деген сөзде бармысын?