БАРМЫСЫН

Айырмысын, нармысын,

Ақыл, ойың жармысын,

Ақ жүрекпен серт еткен,

Уағада да бармысын?

Ақ жүрекпен серт еткен,

Босаң емес берік еткен,

«Ешбір уақыт тәрік етпен»,

Деген сөзде бармысын?

Таза жолмен табысқан,

Аялы қол алысқан,

«Ұмытпан» деп қалысқан

Уағада да бармысын?

«Теріс жолға сынаман,

Арам терге бұламан,

Жөн келгенде шыдаман»

Деген сөзде бармысын?