ЕСЕП БЕР

Жас күнде не де болса талпынып қал,

Шам-шырақ бұдан былай жағылмайды.

Өксір ме көңіл байғұс өткен күнді,

Келмеске қайта айланып кеткен күнді,

Ойламай алды-артыңды көзің жұмып,

Ойыңа келген істі еткен күнді.

Еш пайда сағынудан табылмайды,

Болары болып өтіп біткен күнді.

Көз жібер, қайғысын же, қара болжап,

Ілгергі келеді деп күткен күнді.

Жұмыс ет жұртың үшін бос өткізбе,

Сағаты соғып келіп жеткен күнді.

Білгенге есеп етіп уақыт алтын

Алтын мен айыра көр мыстың парқын.

Жұмсасаң мыс орнына алтыныңды,

Сөзім жоқ саған айтар енді жарық.