ЕСЕП БЕР

Өксиді көңіл шіркін ауық-ауық,

Кешегі өткен күнді құрып сауық.

Кетеді қай бір шақта жастағыны,

Бастауға осы күні-ақ пейіл шауып.

Қадірі озған күннің енді өтеді,

Кеткен соң мәңгілікке бастан ауып,

Қан тамып қылышыңнан тұрған шақта,

Бір нәрсе бітірдің бе жолын тауып?

Дей қалсаң «есебін бер сол күніңнің»

Қояды ол жерлерді жылы жауып.

Болған іс жасырғанмен жабылмайды,

Жасыру есеп болып табылмайды.

Есебін еткеніңнің дұрыс берсең,

Орынсыз ешкім саған қағылмайды.

Жасыңда ұлтына етсең жұмыс,

Болуына еш нәрсе оның шағылмайды.

Бұлаңдап болар күнің бос өткізсең,

Жақсы атақ есейген соң тағылмайды.