КЕЛЕР МЕ ЕКЕН?

Ақ орда алаш көріп келер ме екен,

Жамырап келіп еніп кірер ме екен?

Сарғайып сағындырып қолға түскен

Асылдың қадір бұлын білер ме екен?

Ұғынып бұлын біліп қадір тұтып,

Қағбадай тауап ете жүрер ме екен?

Ұлт намыс, жұрт жұмысы деген істер

Имандай жүрегіне сіңер ме екен?

Ащы ауыз ашырқанып айтқан сөзді,

Құрандай құлағына ілер ме екен?