ӨТЕР МЕ ЕКЕН?

Қайғылы қара күндер өтер ме екен,

Қолайсыз мінді мінез бітер ме екен?

Ит болып ырылдасып өткен күндер,

Жоқ болып ізі, жолы кетер ме екен?

Түсініп айтқан сөзге қазақ ұлы,

Иждиһат ел болуға етер ме екен?

Орнаған ақ жүрекке иманының,

Қадірін біліп таза күтер ме екен?

Табылып ойға алғаны бәрі болып

Еңіреп ер мұратқа жетер ме екен?